Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі қолының тамыры кесілген: Алматы облысындағы қараусыз қалған қорадан 22 жастағы қыз табылды

2021 жылғы 20 наурызда ҰҚК ШҚ Қордай ауданы бойынша басқармасының әскери қызметшілері шекара маңындағы тылдық аудандарды патрульдеу кезінде қараусыз қалған қорадан екі қолының тамыры кесілген 1999 жылғы бойжеткенді тауып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеп хабарлайды.

"Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін қыз бала Қаракемерге жеткізіліп, ата-аналарының қарауына берілді, сондай-ақ осындай әрекетке барудың себептерін анықтау үшін құқық қорғау органдарына xабардар етілді", - делінген хабарламада. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 22 Наурыз, 2021 08:32
Талқылау