Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі баласын өлтірген түркістандық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ма – Полиция пікір білдірді

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева әйелдің отбасындағы ахуалы тексерілетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Түркістан облыстық полиция департаменті

Оның айтуынша, қылмыстық істің егжей-тегжейі заңға сәйкес әзірге құпия.

"Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны министрлік қатаң бақылауға алды. Заңға сәйкес, қылмыстық іс бойынша мәліметтер әзірше құпия, айтуға болмайды. Ал бұл отбасында бұрын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың болған-болмағаны қылмыстық істі тергеу аясында тексеріліп жатыр. Анықталады. Бір айта кетерлік жайт, Қызылорда облысында да, Түркістан облысында да тұрғанда ол отбасынан ішкі істер органдарына ешқашан шағым түспеген. Бірақ әйелдер отбасында зорлық-зомбылыққа көніп, арыз бермей жүруі де мүмкін. Сондықтан оның бәрі қылмыстық істі тергеу барысында тексеріліп, қорытындысы шығарылады", – деді ол. 

Ол сондай-ақ осыған ұқсас істерде қылмыскерлердің өзі ұзақ уақыт зардап шегіп келген болып шығатынын тілге тиек етті. 

"Мұндай қылмыстық істердің қорытындысында көбіне отбасыдағы қиындықтардың себеп болғаны анықталады. Сонымен қатар қылмысты жасаған адам мінезінің психикалық ауытқулары да себеп болады", – деді ол.

Айта кетейік, Түркістандағы жалдамалы пәтерлердің бірінде қызылордалық әйел өзінің туған балаларын тұншықтырып өлтірген еді.

Талқылау