Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

eGov.kz басшысы құжатта туған күні өзгеріп кеткен қазақстандықтардан кешірім сұрады

Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасы  2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні UTC +05.00 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: АО "НИТ"

"Біз "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ контурындағы 64 ақпараттық жүйе орналасқан 11 мыңнан астам виртуалды серверлер бойынша (eGov.kz порталы, egov mobile мобильді қосымшасы, e-license порталы, "Е-Нотариат" бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі, "Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі", "e-Otinish" электронды үндеу қызметі және т.б. ақпараттық жүйелер) жаңартулар жүргіздік", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Белгілі болғандай, мемлекеттік органдар өз құзыретіндегі ақпараттық жүйелер бойынша осындай жұмыстарды жүргізді.

"Жүйелер штаттық режімде жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметтерді eGov.kz арқылы алу да әдеттегідей қолжетімді. "Цифрлық құжаттар" сервисінде деректердің дұрыс көрсетілмеуінің жеке жағдайлары анықталды. Қазіргі уақытта біз барлық қажетті жұмысты жүргізіп жатырмыз және ағымдағы деректер жақын арада қолжетімді болады. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", – деді басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Еске салайық, бұған дейін бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң көп қазақстандықтардың цифрлы құжатындағы туған күні өзгеріп кеткені туралы жаздық.

Талқылау