"Егер тұрғын үй кепілде болса, банк оны алуға құқылы": Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың сауалына жауап берді
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтардың егер несие алушы банкрот жағдайында тұрса кепілде тұрған баспананы банк алуы мүмкін бе деген сауалына нақты жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Егер тұрғын үй кепілде болса, банк оны алуға құқылы. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятовтың айтуынша егер баспана кепілге қойылған болса банк оны ала алады. Несие беруші банкроттық туралы арыз бергенге дейін де жылжымайтын мүлікті тәркілей алады.
"Кепіл ұстаушыға бағалау жүргізуге және аукцион өткізуге құқық беретін осындай норма бар. Мұны борышкерлер жақсы біледі. Өйткені бұл несиелік келісімнің шарттарында жазылған", - деді Миятов қоғамдық тыңдауда.
Ол егер несие беруші қандай да бір себептермен кепілді сату құқығын пайдаланбаған болса, ал борышкер сот тәртібімен өзін банкрот деп таныса, онда кепіл ұстаушының кепілдегі нысанды бірінші кезекте алып қоюға құқығы бар екенін қосты.
Егер несие беруші бұл тұрғын үйді беруден бас тартса, онда ол банкроттық массивіне енгізіледі. Ал бағалау және өтеу жалпы негізде жүзеге асырылады. Оның алдын алу үшін соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға болады. Бұндай жағдайда несие берушілермен бөліп төлеуге келіссөздер жүргізуге тырысқан жөн. Заң жобасында тіпті тұрғын үйді жалға беру мүмкіндігі қарастырылған. Осылайша жалға беруден түскен табыстың бір бөлігі қарызды өтеуге кетеді", - деді төрағаның орынбасары.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
