Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ефремов бір адамның өліміне алып келген жол апатына өзін кінәлі деп есептемейді

Актер Михаил Ефремов өзін Мәскеудің орталығында болған апатқа кінәлі деп санамайды. Бұл туралы оның қорғаушысы Эльман Пашаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Михаил Ефремов

"Бүгін Ефремов ЖКО-ға қатысты кінәсіздігі туралы мәлімдеді. Толығырақ ештеңе түсіндірмеймін - ол бұл қылмысты жасамаған. Михаил Олегович бұған дейін: "Өтегім келеді", – деп айтқан кезде, "төлеуге дайын" екенін жеткізгісі келген, себебі ЖКО-ға оның көлігі қатысқан", - деді Пашаев "Мәскеу 24" телеарнасына.

8 маусымда кешке Ефремов мас күйінде Мәскеу орталығында жол апатын жасады. Оның жол талғамайтын көлігі қарама-қарсы жолға шығып, "Ладамен" соқтығысқан.

ЖКО салдарынан интернет-дүкен курьері Сергей Захаров қаза тапты. Прокуратура Ефремовтың мас болғандығын және есірткінің әсері болғанын айтты.

Актер үй қамауында, ол 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Апаттан төрт күн өткен соң, Ефремов видео-хабарлама жазып, онда қайтыс болған жүргізушінің отбасынан кешірім сұрады және заң бойынша жазасын алуға дайын екенін мәлімдеді.

Талқылау