Едіге Қасымбек еркін күрестен U20 әлем чемпионы атанды
Фото: UWW
Қазақстан құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарыс Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатыр.
125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Едіге Қасымбек қарсыластарына дес бермей, әлем чемпионы атанды. Финалда ол ирандық Абольфазл Мохаммад Нежадты 4:1 есебімен жеңді.
Айта кетейік, отандасымыз турнирдің 1/8 финалында моңғолиялық Нарантулга Дармаабазарды 15:12 есебімен жеңді.
Ширек финалда ол оңтүстіккореялық Байджун Джангты 6:0 есебімен тізе бүктірді. Ал жартылай финалда америкалық Коул Мирасоланы айқын басымдықпен ұтып, белдесу мерзімінен бұрын 11:0 есебімен аяқталды.
Сонымен қатар, әлем чемпионатын Досжан Құлғайып (74 кг) пен Самир Дұрсынов (97 кг) қола медальмен аяқтады.
Бұған дейін, Едіге Қасымбектің жартылай финалдық белдесуі жайлы хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

