Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдошы Айбек Имашев алаяқтарға алданып, 2,3 млн теңгесінен айырылды

Ақтаулық дзюдошы Айбек Имашев алаяқтарға алданып, 2 млн 350 мың теңгесінен айырылды. Алдап соғушылар өздерін құқық қорғау қызметкерлеріміз деп таныстырып, спортшының шотындағы қаражатты бөгде карта нөмірлеріне аударған. Бұл туралы дзюдошы "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Айбек Австрияда өтетін спорт жарысына кететін кезде болған. Айтуынша, іссапар қаржысы шотына түсе салысымен, оған өзін ІІМ қызметкерімін деп таныстырған алаяқ хабарласқан.

"Сіздің атыңызға құжаттар жасалыпты, сол бойынша қылмыстық іс қозғалуда" деді. Мен ешкімге ешқандай сенімхат берген жоқпын дедім. "Ауырып жатырмын, емге, операцияға ақша керек" деп банктен сіздің қаржыңызды сұрады. Сол алаяқтарды сіз болып, біз болып қолға түсіруіміз керек" деді", – дейді Имашев.



Алаяқ оған Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахмановтың атынан хабарласқан. Ол шоттағы қаражаттың бұғаттаулы екенін айтып, ешкімге ақша аудармауды сұраған. Көп ұзамай, қаржыны бірнеше банк картасына бөліп аударған. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 26 Шілде, 2022 15:19
Талқылау