Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдо федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Айбек Имашев жаңа қызметке тағайындалды

ДзюдоФото:Kazjudoteam

Еліміздің дзюдо федерациясының бұрынғы атқарушы директоры Айбек Имашев жаңа қызметке тағайындалды. Б9л туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы Айбек Имашевтің өзі хабарлап, желіде жазба жариялады.

"Дзюдо – менің өмірімнің ажырамас бөлігі. Спортшы, бапкер және федерациядағы қызмет жолында жинаған тәжірибемді енді туған өлкемдегі дзюдоның дамуына жұмсауға дайынмын. Федерация бірлігін нығайтып, ортақ мүдде жолында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізу. Бұл жолда бапкерлермен, спортшылармен, федерация мүшелерімен және дзюдо жанашырларымен бірлесе жұмыс істеуге ниеттімін. Бірлік пен жүйелі еңбектің арқасында Маңғыстау дзюдосын жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін", - деп жазды Айбек Имашев

Айбең Имашев ұлттық құрамадағы атқарушы директор қызметінен 2025 жылдың қараша айында кеткен еді.

Айта кетейік, Айбек Имашев – спорт шебері. Ол 2011 жылы Азия кубогы мен 2013 жылғы Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алған. 2014 жылы кезекті мәрте Еуропа чемпионаты мен әлем кубогында топ жарған. Сондай-ақ сол жылы Әлем чемпионатында 5-орын алған. Гран При және Grand Slam додаларының жүлдегері.

Жеке мансабын аяқтаған соң 2018 жылы Маңғыстау облысының ересектер құрамасын, 2019 жылы Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды. 2022 жылы мемлекет басшысының жарлығымен "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 31 Желтоқсан, 2025 15:15