Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек алғаш рет ана атанды

Ақмарал Науатбек

Фото:Stan.kz collage

Дзюдода 2024 жылғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбек алғаш рет ана атанды. Бұл туралы Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақмаралдың жұбайы белгілі дзюдошы Мәди Амангелді. Қос дзюдошы 2022 жылы шаңырақ көтерген.

Ақмарал Науатбек 2024 жылы Париж Паралимпиа ойындарында топ жарып, ел абыройын асқақтатты.

Пара дзюдодан олимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек белгілі спортшының жары болып шықты

Пара дзюдодан олимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек белгілі спортшының жары болып шықты

Оқыңыз

Осы жетістігінен кейін ол Metaratings Top Awards салтанатты кешінде "Үздік спортшы" атағына ие болды.

Сонымен қатар, 2025 жылы Тбилисиде өткен парадзюдодан Әлем кубогінде де жеңімпаз атанған.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 09 Сәуір, 2026 23:44