Басты жаңалықтар
Пара дзюдодан олимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек белгілі спортшының жары болып шықты
Пара дзюдодан 48 келі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен отандасымыз Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының белгілі спортшының жары болып шықты. Ол дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының жеңімпазы – Мәди Амангелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото спортшылардың желідегі парақшасынан алынған
Жас жұбайлар спортта танысып, кейін 2022 жылы шаңырақ көтерген. Қазір екеуі елордада тұрады. Мәди Амангелді жарының Париж төріндегі белдесуінде қасында болып, қолдау көрсеткен.
Қос ғашық Париждегі Эйфель мұнарасының алдында фотоға түсіп, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеген. Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Жамбыл облысы, Жуалы ауданында 1999 жылы өмірге келген.
Еске салайық, Ақмарал Науатбек финалдық бәсекеде франциялық спортшы Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдені иеленді. Ақмарал жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңген еді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтап, жазба жариялады.
Талқылау

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
Дәрігер мен этнограф жауабын берді

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
Қазақстандық отбасылар филиппиндік күтушілерге 900 доллар (465 957 теңге) және одан да көп төлеуге дайын екенін айтты