Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеймс Бонд рөлімен танылған Голливуд жұлдызы қайтыс болды

Шон Коннери - аты аңызға айналған актер. Миллиондаған жанкүйерлеріне Джеймс Бонд рөлімен танылған ол 90-нан асқан шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеп.

шон

Аты аңызға айналған актердің өлімі неден болғанын әлі хабарланған жоқ.

Шон Коннери 1930 жылы 25 тамызда Эдинбургте (Шотландия) дүниеге келді.

Шон Коннери құпия агент Джеймс Бондтың алғашқы бес фильмінде  ойнағаннан кейін аты әлемге мәшһүр болды. 1971 жылы "Мәңгілік гауһар" фильмінде сомдады. Осыдан кейін актерді "бондианаға" қайтармау туралы шешім қабылданды, өйткені ол кезде жасы 41-ден асқан еді. Бірақ 1983 жылы 53 жасында Шон Коннери Джеймс Бондты соңғы рет "Ешқашан "ешқашан" деп айтпа" фильмінде сомдады.



Ол 70-тен астам фильмдерге түсті. Коннеридің көптеген марапаттарының қатарына Оскар, екі BAFTA сыйлығы және үш "Алтын глобус" кіреді. 

Талқылау