Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дженнифер Лопестің сахналық киімін сынаған депутат ашық киінетін әртістермен концерт ұйымдастырған

депутат Джей Лоның киімін сынады

Жақында 1 тамызда өткен концертте Дженнифер Лопестің сахналық киімдерін ашық айтып, сынға алған Астана мәслихатының депутаты Сәуле Самидин тағы талқыға түсті. Оның SunEvents агенттігінің бас директоры екені белгілі болды. Компания әртістермен концерттер ұйымдастырады.

Астана мәслихатының сайтында депутат Сәуле Самидиннің өмірбаяны жазылған. Онда әйелдің 2012 жылдан бері "Sun Events" ЖШС құрылтайшысы әрі бас директоры болғаны айтылған.

Sun Events компаниясының сайтында Сәуле Самидин директор ретінде көрсетілген. Оның жетекшілігімен компания әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды – үйлену тойлары мен туған күндерден бастап әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін қалалық фестивальдерге дейін ұйымдастыратыны атап өтілді.

сауле самидин

Фото: Астана мәслихаты сайты

"Мен өмірді жақсы көремін, мен өмір сүргенді жақсы көремін! Позитивті ойлау – менің өмірлік ұраным", – делінген Сәуле Самидиннің цитатасында.

Sun Events компаниясы "Асқақтай бер Астана", Sound of GAKKU сияқты қалалық концерттерді ұйымдастырды. Онда шақырылған әртістер мен бишілерінің сахналық образдары тым ашық екені байқалады. Олар компанияның сайтындағы "Портфолио" бөлімінде жарияланған.

концерт

Фото: Sun Events

Еске салсақ, депутат әнші Дженнифер Лопестің сахналық киіміне пікір білдіремін деп сынға қалған еді. Кейін ол неліктен бұлай пікір білдіргенін түсіндіріп, Дженнифер Лопестің Араб әмірлігінде жабық киінгенін атап өтті. 

Қырмызы Скендирова
Сәрсенбі, 06 Тамыз, 2025 16:12
Талқылау
`