Дүрбелең мен айқай: Венадағы теракттың ортасында қалған Қазақстан азаматы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Қазақстан азаматы Абдулазиз Бақтияр Венадағы лаңкестердің құрбанына айнала жаздағанын айтты, ол атыс болған жерден 100 метр қашықтықтағы мейрамханада жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Алматы" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық азамат шабуылдың эпицентрінің біріне айналған көшедегі мейрамханада болғанын атап өтті.
"Мейрамхананың ғимаратында болдым, ол жерден бізді сағат 3-ке жақын полиция эвакуациялады. Осы жерден. Айқай, шу естілді, адамдарда үрей мен қорқыныш болды", - деді Бақтияр.
Ол қашып бара жатқан және не істерін білмей дал болған адамдарды көрген, сол сәтте қай жердің қауіпсіз екенін ешкім білмеген.
Бақтиярдың сөзінше, кешкі сағат сегізге дейін атыстың дауысы естілген. Ол мейрамханада шабуылдың аяқталуын күтіп, таң атқанға дейін отырған.
"Қозғалу қауіпті болды, полиция мен "Кобра" отряды көшеде жүрді, бізге не істеу және қалай жасау керектігі туралы нұсқаулар берді. Бір атыс болған жоқ - сегіз болды, мен өзім естідім. Бұл біз отырған мейрамханадан 100 метр қашықтықта орын алды", - деді қазақстандық.
Еске салсақ, 2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Атыс салдарынан төрт адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алды.
Айта кетейік, Венадағы атыста қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ.
Австрияның ішкі істер министрлігі бұл оқиғаны теракт деп таныды. Бір шабуылшыны полиция өлтірді. Австрияда шабуылға қатысы бар деген күдікпен 14 адам, Швейцарияда тағы екі адам ұсталды.
Шабуылды Ислам мемлекеті өз мойнына алды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
