Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Венадағы теракт кезінде қазақстандықтар зардап шекті ме? Министрлікте жауап берді

Венадағы атыста қаза тапқандар мен жарақат алғандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметі бойынша қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар. Аустриялық полиция терроризмге қарсы ауқымды операция жүргізуде", - делінген  Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Венада лаңкестер 2 қарашада бірқатар атыс шабуылдарын жасады. Олардың кім екені әлі анықталған жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша, үш адам қаза тапты. Жергілікті билік қылмыскерлер Венаның орталығында бірнеше жерде шабуыл жасағанын мәлімдеді. 

Кем дегенде 15 адам ауруханаларға жеткізіліп, ауыр жараланған жеті адамға медициналық көмек көрсетілді. Жараланғандар арасында полиция қызметкері де бар.

Соңғы деректерге сәйкес, қауіпсіздік күштері шабуылдаушылардың бірін атып үлгерді. Кем дегенде тағы бір мерген бар. Оны ұстап алу үшін қалада ауқымды арнайы операция ұйымдастырылған. 

Австрияның ішкі істер министрлігі бұл оқиғаны теракт деп таныды.

Талқылау