Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасы бекітілді
Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлері бекітілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спортшылар спорттың 20 түрінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтайды. Сайыс бағдарламасына бәйге, көкпар, асық ату, арқан тарту, аударыспақ сияқты спорт түрлерінен басқа, қырғыз, түрік, корей елдерінің күресі де енген.
Сондай-ақ Батыс Африка елдерінің зияткерлік ойыны "Овари" спорты да бар. Жалпы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спортшылар тек ұлттық спорт түрлерінен ғана сынға түседі.
Айта кетейк, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары18-24 тамыз күндері, Астанада өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Аралас жекпе-жектен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Абай Жалал Octagon 55 турнирінде жеңілмеген әзірбайжандыққа қарсы жекпе-жек өткізетіні туралы жазған едік.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”