Дүниежүзілік банк Қазақстандағы кедейліктің күрт өсуін болжады

Коронавирустың таралуына байланысты дағдарыс Қазақстандағы кедейліктің өсуіне және теңсіздіктің артуына алып келуі мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қазақстан бойынша жазғы экономикалық есебінде көрсетілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кедейлік

Баяндамада COVID-19-дың экономикалық салдары соңғы екі онжылдықта Қазақстан экономикасы мен оның дамуына айтарлықтай теріс әсер ететіні атап өтілген.

"Ұзаққа созылған дағдарыс кедейліктің өсуіне алып келуі мүмкін және Қазақстандағы теңсіздікті арттыруы мүмкін. Алдын ала бағалау көрсеткендей, кедейлік деңгейі 2020 жылы болжанып отырған 8,3-тен 12,7 пайызға дейін өсуі мүмкін, бұл кедейлікте өмір сүретін 800 мыңнан астам адамға тең келеді", - делінген баяндамада.

2009 және 2015 жылдары мұнай бағасының құлдырауы жиынтық сұранысты күрт төмендетіп, қаржы секторының тұрақтылығын бұзды. Бұл жолы пандемияны тежеу бойынша қажетті оқшаулау шаралары нәтижесінде экономикаға қиындықтар туды.

"Мүмкін, үкімет кейбір мемлекеттік бағдарламалардан білім беру мен денсаулық сақтау мен олардың сапасын арттыру, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс берушілерді уақытша қолдау шараларының пайдасына ресурстарды қайта бөлуді жүргізуі керек.

Ынталандыру жөніндегі шаралар пакеті пандемия аяқталғаннан кейін ғана экономикалық өсуді қалпына келтіруге ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты 2020 жылы ЖІӨ 3 пайызға төмендеуі және 2021 жылы 2,5 пайызға шамалы қалпына келуі болжануда", - деді Дүниежүзілік банк сарапшылары.

Инфляциялық қысым 2020 жылдың соңына дейін созылады деп күтілуде,  бірақ құнсыздану әсері біртіндеп төмендей бастайды. Биыл инфляция, сарапшылардың болжамынша, теңге бағамы төмендегеннен кейін орталық банктің мақсатты көрсеткішінен 6 пайызға жоғары болып қалады.

"Пандемия мен салдарды жеңілдету шараларынан туындаған еңбек нарығы үшін күтпеген жайт жұмыспен қамту, әсіресе біліктілігі төмен қызметкерлер жұмыс істейтін секторларда айтарлықтай әсер етеді.

Сапалы білімге, әсіресе карантин кезінде тең қол жеткізу адам капиталының дамуына, әсіресе халықтың әлеуметтік осал топтарына кері әсерін тигізуі мүмкін", - деп атап өтті сарапшылар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр