Дулати атындағы Тараз университеті студенттердің видеосынан кейін күрделі жөндеуге жабылды
Видеодан скрин
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті студенттердің видеосынан кейін күрделі жөндеуге жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері түсірген видео тарады. Онда оқу ғимаратының тозған күйі көрсетілген.
Видеодан ғимараттың ескіргенің, терезелердің тозып, қабырғалардың жарылып кеткенін көруге болады. Желі қолданушылары әбден тозған дәретханаға ерекше назар аударған.
Аталған жағдайға ғылым және жоғары білім министрлігі жедел түрде жауап берді. Министрлік қызметкерлері университет басшылығымен байланысып, әңгіме барысында бұл ғимараттың ресми түрде күрделі жөндеуге жабылғаны расталды.
"Видеода көрсетілген ғимаратөа сол күні-ақ министрлік тарапынан "ҒЖБМ мониторинг" жүйесі аясында тексеру шаралары басталды. Ғимарат ресми түрде күрделі жөндеу жұмыстарын жүигзу үшін жабылды. Жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі",- делнген хабарламада.
Сондай-ақ министрліктің мәліметінше, студенттік омбудсмен ғимаратты барып көріп, оның жабық екенін, яғни, ішке кіруге рұқсат жоқ екенін анықтаған.
Университет, видеода 1970 жылы салынған №2.5 оқу корпусы көрсетілгенін растады. Осы уақытқа дейін бұл ғимаратта тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.
2025 жылы санитарлық тораптарды жөндеу, еден жабындарын ауыстыру және өңдеу жұмыстары жоспарланған. Ал 2026 жылы инженерлік жүйелерді, терезе мен есік блоктарын жаңарту көзделген.
Еске салсақ, Шымкентте университет басшылығы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген еді.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
