"Дүкен араламаймын": Ұлттық банк төрағасының орынбасары елімізде азық-түлік қанша тұратынын білмейді
Фото: nationalbank.kz
Ұлттық банк төрағасының орынбасары, бұрынғы қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов Қазақстанда азық-түлік қанша тұратынын білмейтін болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер оның бұған дейін қаржы саласында жұмыс істегенін ескере отырып, соңғы рет қашан азық-түлік сатып алғанын, әсіресе қай өнімнің бағасы таңғалдырғанын сұрады.
Шолпанқұлов үйінде азық-түлікті әйелі сатып алатынын алға тартып, бұл сұраққа жауап бере алмайтынын айтты. Тіпті отбасында азық-түлікке қанша қаржы жұмсалатынын да айта алмады.
“Айта алмаймын. Үй шаруасымен әйелім айналысады. Азық-түлікті әйелім сатып алатын болған соң мен дүкен араламаймын, картамның телнұсқасы әйелімде, тіпті қадағаламаймын", – деп жауап берді Шолпанқұлов.
Еске салсақ, бұған дейін Берік Шолпанқұлов қазақстандықтардың шоттарынан ақша жоғалып жатыр деген ақпаратты қауесетке балаған еді.
"Мұндай жағдайлардың болуы екіталай. Ақша өздігінен жоғалып кетуі мүмкін емес. Егер техникалық ақаулар болса, банк ол үшін жауапкершілік алып, қаражатты қалпына келтіреді. Барлық мәлімет архивте сақталады, деректер бар және техникалық ақау кезінде бәрі қалпына келтіріледі. Тіпті алаяқтық әрекеттер болса да, банк тарапынан клиенттерді қорғау үшін шаралар қолданады. Ал мұндай жағдайлар жаппай бір мезетте болып жатыр деу жай ғана қауесет деп ойлаймын", – деп атап өтті ол.
Сондай-ақ ол әлеуметтік желі қолданушылары жиі шағымданып жүрген “екінші деңгейлі банктердегі қарызды кешіктірген клиенттердің шоттарын бұғаттау” жағдайларына байланысты пікір білдірді.

"Пәтерімді сатып, шетелге оқуға түстім": Қазақстандық қыз "Реал Мадрид" футбол клубына жұмысқа орналасты
