Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дуглас Жуниор Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтады

Қазақстан футзал құрамасының аңыз ойыншысы Дуглас Жуниор ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі кезде Сауд Арабиясының "Аль-Ула" клубында өнер көрсетіп жүрген 36 жастағы қорғаушы бұл жаңалығын Instagram парақшасында жариялады.

Бразилиялық футболшының айтуынша, құрамадағы циклді аяқтау туралы шешімін ол отбасы мүшелерімен бірге алдын ала қабылдаған және ол соңғы нәтижелерге байланысты емес.

"Әр кезеңнің өз аяқталуы болады. Мен және отбасым үшін қазір ұлттық құрамадағы мансабымды аяқтайтын уақыт келді. Соңғы он жыл менің өмірімнің ең жарқын сәттері болды. Бұл – мансабымдағы ең үздік кезең", — деді Жуниор.

Ол сондай-ақ 2014 жылы Қазақстанға шақырған Какауға, Қайрат Оразбековке, Андрей Мищенкоға және бапкерлер құрамына сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

"Боснияға қарсы алғашқы ойынымнан-ақ біз үлкен тарих жазатынымызға сендім. Мен үшін ең үлкен жеңіс – тек жарыстарға қатысу ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы футзалдың дамуына үлес қосу", — деп қосты ойыншы.

Айта кетейік, Дуглас Жуниор Қазақстан құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген болып саналады. Ол ұлттық құрама сапында 91 матч өткізіп, 65 гол соққан. Сонымен қатар, ол – Қазақстан чемпионатының сегіз дүркін жеңімпазы және он дүркін Кубок иегері.

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 20:20
Талқылау