Әлихан Жамсатов президент әкімшілігі мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды
Фото: mtqb.qr-pib.kz
Ақордада бірқатар тағайындау болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Тамара Дүйсенова мен Қанат Шарлапаевты қызметінен босатқан болатын.
Талғарда әкесінің моласынан келе жатқан жігітті жабылып өлтірген: Сотта айыпталушы жауап берді
Айыпталушылар 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
"Кішкентай қызы оянғаны үшін әйелін түнімен ұрған": Талдықорғанда ер адам 20 күнге қамалды
Күйеуі әйеліне 2 жыл бойы күш қолданып келген