Ақмола облысында ер адам түрмеге түсіп, тегін өмір сүру үшін қылмыс жасаған
Фото: depositphotos.com
Ақмола облысында ер адам түрмеге түсіп, тегін өмір сүру үшін қылмыс жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ер адамның бұған дейін де істі болып, екі рет түрмеде отырғаны анықталды. Ол 2019 және 2023 жылдары теракт туралы жалған қоңырау шалғаны үшін екі рет сотталған.
Бұл жолы да ер адам 112 нөміріне қоңырау шалып, Астана автовокзалына бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берген. Тексеріс нәтижесінде қоңыраудың жалған екені анықталды.
Сотта күдікті бұл әрекетті баспанасы болмағандықтан түрмеге түсіп, тегін тамақ, киім секілді қажеттіліктерге қол жеткізу үшін жасағанын мойындады.
Сот ер адамның бұған дейін де істі болғанын ескеріп, оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"
Балабақша мен мектеп уақыты жұмыс кестесіне сай келмесе, не істеу керек? Ата-ананың қандай құқығы бар
Ата-ана: Соңғы бір жыл бойы әр артық сағат үшін балабақшаға қосымша ақы төлеумен келемін