Досың ауырса ыңқылда: Оқулықтағы түсініксіз мақал мен тіркестер елдің ашуын келтірді
Желіде жарияланған кітап мәтіні жұрттың ашуын келтірді.
Facebook желісінің “Жаға ұстатты” тобында жарияланған суретте мағынасыз тіркестер мен мақалдар жазылған.
«Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады», «Дос досқа зыянкер емес, зыянкер болса, дос емес», «Соймасымды соямын, сүйгенімнің көңілі үшін», «Жолдас жолдасқа қиянат еткен оңбас» деп жазылған суретте .
Мәтін ішінде әріп қателері де кездеседі. Суреттің нақты қандай оқулықтан алынғаны белгісіз.
Желі қолданушылары оқулықтардың сапасына сын айтып, мағынасыздығын айтып жатыр.
«Мынаны балаларға қалай оқытамыз», «Ұрпағымыздың санасы уланды», «Нендей мағынада екенін белгісіз» деп жазды пікір қалдырушылар.
Жыл басында жетінші сыныпқа арналған орыс тілі оқулығының құрамы ата-аналар тарапынан қатал сынға алынған еді. Оның ішінде Людмила Петрушевскаяның лингвистикалық ертегісі көпшілікке жақпаған болатын.
“Мектеп” басылымының бас директоры Ерлан Сатыбалдиевтың айтуынша, бұл ертегіні талдау барысында қалыптасатын дағды шетел тілдерін үйренуге көмектеседі екен.
Тағы да оқыңыз:
Мамандар: Тұзды шамадан тыс пайдалану өлімге әкеледі
Назарбаев: Біз ДАИШ-ты жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз
Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды