Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаев: Біз ДАИШ-ты жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз

Астана клубының үшінші отырысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Сирия келіссөздеріне бейтарап қатысушы ретіндегі көзқарасы туралы Австрия сыртқы істер министрі Бенита Ферреро-Вальднердің сұрағына жауап берді.

© Болат Шайхинов

Қазақстан басшысы қазір әлемді алаңдатып отырған маңызды мәселелердің бірі терроризм екенін атап өтті. 

“Үш мәселе бар. Бұл – терроризм, ядролық қарусыздандыру және Солтүстік Корея мәселесі. Бұл үш мәселені әлем елдері, әсіресе, АҚШ, Ресей, Қытай секілді ұлы державалар бірікпей, шеше алмаймыз. Айталық, күш біріктірмесек, Солтүстік Корея мәселесін бейбіт жолмен шешу мүмкін емес. Дегенмен бұл үш державаның арасында экономикалық, саяси мәселелер бойынша келіспеушілік бар. Сондықтан бұл бізді алаңдатады. Сирия біздің өңір, бізден алыс емес. Жастарды алдап-арбап, ақшаға қызықтырып, соғысуға тартып жатыр”, — деді Назарбаев.Президент сонымен қатар Астанада Сирия келіссөздерінің жеті кезеңі өткенін еске салып өтті.

“Мұнда соғысып жүрген жасақтардың командирлері болды. Құрамы өте күрделі, пікірлер әр түрлі, келіссөздер қиын өтті. Біз ұлы жетістіктерге жетеміз деп долбар жасауға болмайды, алайда алға жылжып жатқанымыз сөзсіз. Сондықтан біз ДАИШ-пен күресте әлемге пайдалы іс жасап жатырмыз деп есептеймін. АҚШ-тың басшылығындағы коалиция Ресей, Түркия және Иранмен бірлесе жұмыс істеп, нәтижеге қол жеткізіп отыр. Біз бұл ұйымды жеңудің аз-ақ алдында тұрмыз. Алайда одан әрі не болатынын ойлау керек”, — деп түйіндеді Назарбаев.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев «болашақ президенттің» кім екенін атады

Мәжілісінің спикері Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды

Сотталып кеткен атышулы Қайрат Жамалиевтің жазасы тағы да жеңілдеді

Талқылау