Сотталып кеткен атышулы Қайрат Жамалиевтің жазасы тағы да жеңілдеді

Бейсенбі, 16 Қараша , 2017 17:24

Шешімді Жамалиевтің өтініші бойынша Қапшағай қаласының соты шығарған, деп хабарлайды КТК.

Сурет: forbes.kz

Бұл жолы сот бизнесменді қоныс колониясына ауыстырды.Негізі қоныс калониясына абайсызда жазым басып немесе жеңіл қылмыс жасағандар жабылады. Бірақ, Жамалиевтың мұнда неліктен ауыстырылғаны әзірге белгісіз. Жалпы, атышулы кәсіпкердің жазасы бұған дейін де жеңілдетілген.

Яғни, 2 жыл бұрын тоқалымен ойнас болған Әліби Жұмағұловты өлімші етіп сабағаны үшін о баста 13 жылға сотталып, кейін мерзім 7 жылға қысқарған. Енді оның 3 жылын қатаң және жалпы тәртіптегі түрмеде өткізген Жамалиев қалған 4 жылын қоныс калониясында еркіндікпен өткізбек.

Бұған дейін 13 жылға сотталған бизнесмен Жамалиевтің биыл тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін екендігі туралы ақпарат жарық көрген еді.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін де ҚР Ішкі істер министрлігі Қайрат Жамалиевтың түрмеде ВИП камерада отырғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Мамандар: Тұзды шамадан тыс пайдалану өлімге әкеледі

Асылып өлуге дайынмын: Алматы облысының тұрғыны жетімдер үйіне өткен қызын қайтара алмай жүр

Желі қолданушылары «Орал аруы» байқауын мазақ етті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар