AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Досына несиеге қомақты ақша алып беріп алданған азамат қайғыдан қатерлі ісікке шалдықты

Әбіл Керімбаев есімді азамат 2007 жылы өзінің бірге өскен досына 134 мың АҚШ доллары көлемінде несие алып беріп, алданып қалған. Үлкен қызметте жұмыс атқаратын досы мемлекеттік қызметкерлерге тиесілі пәтерде тұратындықтан, досына өз үйін кепілге қойып, банктен ірі көлемде несие алып беруді өтінген. 

Досына несиеге қомақты ақша алып беріп алданған азамат қайғыдан қатерлі ісікке шалдықтыБұл туралы «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Әбіл Керімбаевтың сөзінше, танысы жанармай бекетін сатып алмақ екенін айтып, қарыз алып беруін сұраған. Досының көңілін қимаған ол 134 мың долларды несиеге алып беріпті. 

«Арзан жанармай бекеті шығып тұр, соны аламын да, 2-3 айдан кейін сатып жіберіп, несиені жауып берем деді. Сол жылдың қазан айына дейін төледі де, ары қарай төлемей қойды. Барсам, әні төлеймін-міне төлеймінмен жүрді», - дейді Әбіл Керімбаев.

Ал жұбайы Гүлбағира Керімбаеваның айтуынша, ол  күйеуінің үйді банкке кепілге салғанын 2009 жылы бір-ақ біліпті. 
«Қарызды алған адам мені қорқытты, банкке барсаң сені психиатриялық ауруханаға салып жіберем деді. Осы жағдай денсаулығыма әсер етті, қазір мен – мүгедекпін. Осы жағдайдың кесірінен жолдасым 2-топ мүгедек рак, ота жасатып шықты, тағы жатады. Ол – полковник болып істейді, қарындасымен бірге істеген. Мені ұрып, тұра алмай жатқан кезім де болды. Ол кісі әскери госпитальде, шекара қызметінде істеген. Қазір зейнетке шығып кетті, өзі 3 қабатты коттедж салып алған, астында джип. Екінші әйел алды», - дейді әйел.

Осыған дейін олар бірнеше рет полицияға шағымданып, қанша рет сотқа арызданған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанымен, олар белгісіз себептермен жабылып қалып отырыпты.

«Тергеушінің өзінің үстінен қылмыстық іс қозғау керек. Бірде-бір іс жасаған жоқ. жауып тастап отыр қайта-қайта. Ал жаңағы ақшасын алып алдап кеткен азамат пен қарындасының сөзін өтірік жаза берген. Көшедегі адам біреуге жала жапса айта береді ғой. Соның бәрін тергеуші жаза берген. 

Ол адамның атында ештеңе жоқ. Дәлелдеме тек осы екі кісінің зардап шеккен. Ана кісінің түрін көрсеңіз, саусақтары сынайын деп тұр алтыннан. Қолындағы сағатының өзі бұлардың бір жылдық тамағына жететін ақша. Неге тергеуші солардың сөзін тіркеп жаза берген?» - дейді отбасына көмектесіп жүрген қоғам қайраткері Ұлданай Қамбарова. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр