Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Досыма келдім": ресейлік әнші Леонид Агутин Батырхан Шүкеновтің зиратына барды

Ресейлік танымал әнші, композитор Леонид Агутин Алматыға келіп, арнайы Батырхан Шүкеновтің басына барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/agutinleonid

Өнер иесі желіде жазба жариялап, марқұм досына деген сағынышын жеткізді.

"Алматыда жүргенде досымның зират басына барып қайттым. Бармағаныма біраз болыпты. Тауда әсем жерде орналасқан, айналасының барлығы тап-таза. Батырды білетін, оны мақтан тұтатын, оған қамқор болып жүрген жандарға алғыс айтамын. Қызығы, мыңға жуық адам жерленген үлкен бейітке қарай бет алғанда әрі қарай қалай жүру керек екенін білмедік. Жүргізуші бірінші кезіккен адамнан Батырдың зираты қайда деп сұрады. Ол қай Батыр екенін анықтамай-ақ, бірден жол көрсетті. Батыр, қымбаттым, қайталанбас тұлға. Сені қатты жақсы көреміз, сені сағындық", – деп жазды Агутин. 



Еске салайық, Ұлттық банк Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай коллекциялық монеталар шығарғанын жазған едік. 

 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 18 Қараша, 2024 16:02
Талқылау