Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк Батырхан Шүкеновтің туған күніне орай коллекциялық монеталар шығарды

2022 жылғы 18 мамырда Қазақстан Ұлттық банкі Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Батырхан Шүкенов

Монеталардың сатылымға шығатын күніне қатысты қосымша ақпарат банктің ресми сайтында жарияланады. 18 мамырда дарынды композитор және әнші Батырхан Шүкеновтің туғанына 60 жыл толады. Номиналы 500 теңгелік күмістен жасалған Street art. BATYR BEINESI коллекциялық монеталары "Қазақстанды монеталар арқылы таны" атты жаңа серияны ашады.

Монетаның дизайнында Қазақстан стрит-артының ең жарқын жұмыстарының бірі — REPAS командасының "Батыр бейнесі" граффитиі бейнеленген. Авторлардың бастамасы бойынша оны монетаның дизайнында пайдалану құқығы Ұлттық банкке өтеусіз негізде берілді.



Монеталар proof сапамен күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5 000 дана. 

Коллекциялық монеталар нақты құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының банк шоттарында аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Талқылау