AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 200 теңгелік қағаз ақша жарамды ма: Ұлттық банк жауап берді

Қазақстанның ұлттық банкі 200 теңгелік қағаз ақша әлі жарамды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қолма-қол ақша айналысы департаментінің басқарма бастығы Серікжан Майдановтың айтуынша, халықтан 200 теңгелік банкноттарды қабылдамай жатқаны туралы ақпарат түсе бастады. Бірақ бұл купюра заңды төлем құралы болып саналады.

"200 теңгелік қағаз ақша монеталармен қатар айналымда жүреді және төлемдердің, банктік операциялар мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті. Бұл банкноттарды банктер мен "Қазпошта" АҚ-ның барлық бөлімшесінде, сондай-ақ ҚҰБ филиалдарында ұсақтауға және айырбастауға болады", – дейді Майданов.

Олар табиғи тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылады. Ал бүтін ақшаны қабылдамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, 50 АЕК-ке (153 150 теңге) дейін айыппұл салынады.

"Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюраларды қабылдамаса, онда ҚҰБ-тың жақын маңдағы аумақтық филиалына хабарласу қажет. Сонымен бірге видеоға түсіруге немесе банкнотты қабылдаудан бас тарту себебін жазбаша талап етуге кеңес береміз", –  деп атап өтті Майданов.

Ұлттық банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс телефондары ресми сайтта көрсетілген. Қосымша сұрақтар бойынша 1477 нөмірі арқылы байланыс орталығына хабарласуға болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр