Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трамп Путинмен тағы да кездесу өткізеді

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ пен Ресей делегациясы 11 немесе 12 наурызда Украина жөнінде кездесетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters/Kevin Lamarque

Трамп Ресейдің АҚШ пен Украина шенеуніктері әзірлеген атысты тоқтату жоспарына келісетініне және АҚШ-тың Ресеймен кездесуі сейсенбі немесе сәрсенбі күні кешке өтетінінен үмітті екенін жеткізді. 

Сондай-ақ Трамп Ресей президентіне “тангода екі адам билеу керегін” ескертті. 

Журналистер алдында сөз сөйлеген Трамп Украина президенті Владимир Зеленскйді Ақүйге қайта шақыратынын айтты. 



Екі ел президенттерінің алдыңғы кездесуі жанжалмен аяқталған еді. Сөйтіп Зеленский АҚШ-пен минералдық ресурстар туралы келісімге қол қоймастан Вашингтоннан кетіп қалды. 

Айта кетейік, бұған дейін 28 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Ақ үйге АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесіп, Украина ресурстары туралы мәселені шешу үшін келген еді. Алайда кездесу барысында екі президент сөзге келіп, Зеленский Ақ үйден шығып кеткен. Ал АҚШ осы әрекеті үшін Зеленскийді сынап, мәлімдеме жасаған. Осыдан соң Трамп жанжалдан кейін Зеленскийден кешірім сұрауды талап етті. 

Талқылау