“Адай” күйі мен “Дайдидауды” орындаған Димаш тағы да қытайларды тәнті етті (видео)
Қытайда өтіп жатқан I am a Singer жобасының 7-кезеңі эфирден көрсетілді. Димаш Құдайберген бұл кезеңде домбырамен қазақтың халық әні “Дайдидауды” орындады. Одан бөлек танымал “Адай” күйін шертіп, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz.
Димаш Құдайберген “Дайдидау” әнімен бұл кезеңде үздік үштіктің қатарына ілікті.
Сахнаға қазақтың қара домбырасын алып шыққан қазақ баласы қазақ әнін бүкіл әлемге паш етті. Тебіренді, толқыды, тіпті, өнер көрсетіп болған соң көзіне жас алды!
Оның Қытайға барғандағы мақсаты да қазақ әнін әлемге тыңдату болатын. Бұл туралы Димаштың өзі:
“Дайдидауды” айтпас бұрын бар xалыққа Құрманғазының “Адай” күйін тарттым! Бұл менің xалқыма, бар жанкүйерлеріме арнайы тосын сыйым болатын! Миллиардтар қазақ күйінің үніне құрмет көрсетіп, қошемет білдірді! Мақсатым осы болатын”, – дейді.
Артық сөздің қажеті жоқ шығар?! Әнімізді, әніміз арқылы халқымызды әлемге танытқан Димашқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ! Бәрекелді!
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Құдайберген тұңғыш президент қоры сыйлығының лауреаты атанды
Қытайлық қарсыласы: Барлығы Димашты “менің шетелдік інім” деп санайды
Димаш Құдайберген Қытайда ауырып қалды
“Singer” жобасында алғашқы эфирден бері Димашпен бірге небәрі 2 әнші қалған (видео)