Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Домбыра тартсақ, сақал қоймасақ жазалайды": Ауғанстанда тұратын қазақтар қазіргі күйі туралы айтып берді

Ауғанстандағы этникалық қазақтардың өмірі мен тыныс-тіршілігін баяндайтын деректі фильм жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото видеодан алынған 

Деректі фильм YouTube желісіндегі “Жалғыз жолаушы” арнасында жарияланған. Фильмде Ауғанстанда тұратын қазақтардың шынайы өмірі бейнеленген. 

Деректі фильмнен ауғанстандық қазақтардың қазақ тілінде еркін сөйлейтінін байқауға болады. Сондай-ақ олардың Ауғанстан билігі берген құжаттарында ұлттары “қазақ” деп жазылғанын айтып, соны көрсеткен. 

Фильм кейіпкерлерінің айтуынша, қазір жастар арасында қазақ тілі бірте-бірте ұмытылып бара жатқан көрінеді. Жастар көбіне өзбек, парсы, ауған тілдерінде сөйлейді екен.


Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан қазақтар соғысқа жіберілді ме – СІМ ресми өкілі жауап берді


Ел шариғат тәртібі арқылы басқарылатындықтан, ауған қазақтарына домбыра тартуға тыйым салыныпты. Өздерінің айтуынша, домбыра тартқан адам жазаға тартылып, домбырасы тартып алынады. Сондай-ақ дәл сол шариғат тәртібімен сақал қоймаған, намаз оқымайтын адамдар да жазаланады. Ал кімнің намаз оқымай жүргенін жергілікті имамдар бақылап, билікке хабарлап отырады екен.

Талқылау