Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы рекордық деңгейге жетті
Фото: freepik.com
17 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық барысында теңге бағамы бір доллар үшін 532-ге дейін төмендеді. Бұл – ұлттық валюта үшін тарихи минимум. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Соңғы мәміле Астана уақытымен 11:48-де бір доллар үшін 532,5 теңгеге жасалған. Валюта биржасындағы сауда-саттық басталғанда доллардың теңгеге шаққан бағамы 525,7 теңге болған, бірақ сауда-саттық барысында бағам 1,3%-ға, яғни 6,8 теңгеге төмендеді.
Соңғы рет KASE биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша 530 теңгені 2025 жылдың қаңтар айының ортасында көрсеткен. Бұған дейін KASE сессиясының қорытындысы бойынша бір долларға шаққандағы бағам 531 теңге болмаған.
Алматының ақша айырбастау орындарында доллар 530 теңгеден жоғары бағаммен сатылып жатыр – бір доллар орташа есеппен 534-535 теңгеге сатып алынып, 530-532 теңгеге сатылып жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов брифингте теңге бағамына қатысты сұраққа жауап беріп, келесі жылдың бюджетін жоспарлау барысында доллардың теңгеге шаққандағы айырбастау бағамы 540 болады деген базалық сценарий негізге алынғанын айтқан еді.

"Халықтың қайғысына құрметсіздік": Алматыда Лениннің есімі берілген дәмхана желі қолданушыларының ашуын туғызды
