Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар 480 теңгеге сатылуда: Ұлттық банк нарықтың құлдырауына байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның ұлттық банкі мен қор биржасы доллар бағамының көтерілуіне байланысты бірлескен мәлімдеме жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
доллар

Өткен бір тәуліктің ішінде жаһандық қаржы нарықтарының құбылуы байқалды. Мұнайдың Brent маркалы бір баррелі 25 долларға бағаланып, оның бағамы бір күнде 14%-ға азайды. Осылайша, мұнай бағамы жыл бассталғалы бері 60%-ға арзандады. Әлемдік қор және валюта нарықтарында әлі де құлдырау жалғасуда. Ресей рублі де бір тәуілікте 7.3%-ға, ал жыл басынан бері 30%-ға әлсіреді.

"Қазіргі жағдайда Қазақстанның ұлттық банкі мен қор биржасы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және сыртқы факторлардың әсерін шектеу үшін 19-20 наурызда теңге-доллар сауда-саттығын Франкфурт аукционымен өткізу туралы шешім қабылдады", - делінген ресми хабарламада.

Сауда-саттықты Франкфурт аукционымен өткізу клиенттердің қазіргі сұранысын қанағаттандырып, валюта нарығындағы тұрақсыздыққа жол бермейді. Алдағы сауда-саттықтардың режимі ресми ақпарат бойынша жеткізіледі.

Атап кетерлік жайт, сауда-саттық ашылғанда клиенттердің сұрансындағы баға бұған дейінгі көрсеткіштен 1,5%-ға өзгеріп кетсе, міндетті түрде Франкфурт аукционының арнайы режимі ашылады. 

Алғашқыда аукцион жеті минут созылады. Одан кейін тағы қосымша уақыт қажет болуы мүмкін. Осы кезде аукцион қатысушылары биржаның сайтында валюта бағамын көре алмайды. Ал электронды жүйе болса барлық сұраныс негізінде орташа бір бағамды шығарып береді.

Франкфурт аукционының негізгі мақсаты қаржылық тұрақсыздық кезінде дұрыс бағамды анықтау болып табылады. Яғни соның арқасында ұлттық валютаның негізсіз өзгеруіне бөгет жасалды.

Қазақстанда былтырғы жылы да осы режимді пайдалану жайында айтылған болатын.  2020 жылы 10 наурызда сауда-саттық алғаш рет Франкфурт аукционымен өтіпті.


 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында мұқтаждарға азық-түлік үлестірмек болған кәсіпкердің басы дауға қалды

Ол өзінің рұқсат қағазы бар екенін атап өтті

Елде коронавирус жұқтырғандардың саны 650-ден асты

Тағы 22 адамның вирус жұқтырғаны анықталды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан айықты

Елімізде коронавирусты тіркеудің 629 жағдайы расталды

"Әкем көре алмады": Әли Оқапов өміріндегі үлкен өкінішін айтты

Ол анасының қартайып бара жатқанын көру қиынға соғатынын мойындады

Алматының 20 тұрғыны көшеде себепсіз жүргені үшін қамауға алынды

Тағы 23 адамға айыппұл салынды

Маска кимей "Магнумға" кірмекші болған: Компания өкілі сатып алушымен төбелескен күзетшінің қылығын түсіндірді

Ірі супермаркеттер желісінің күзеті маскасыз кіргені үшін қала тұрғынына тап берген

Ақмола облысындағы қарттар үйінде коронавирустың өршуі тіркелді

Ақмолада 19 адамнан вирус анықталды

"Кей әншілердің жұлдыздық каприздері бар": Әншілермен жұмыс істейтін режиссер Мейрамбек Бесбаев жайлы

Режиссер: Мейрамбек аға өзге әншілер секілді емес, бәрін тез қабылдайды

Бұл екпені салдырғандар коронавируспен күресе алады: Дәрігер БЦЖ екпесінің коронавирусқа әсерін айтты

Ғалымдар: БЦЖ екпесін тұрақты қолданатын елдерде коронавируспен ауыратындар аз

Алматыда 7 сәуірден бастап барлық өткізу қағаздары мен жол жүру анықтамалары жойылады

Карантин кезеңінде жұмысын жалғастыратын кәсіпорындардың электрондық дерекқоры құрылды
Çàãðóçêà...