Динара Сұлтан қазақы нақыштағы киімімен елді сүйсіндірді (фото)
Сахна еркелерінің ең сүйікті жұмыстарының бірі – фотосессия ұйымдастыру. Дұрыс таңдалған образ және шебер фотографтың жұмысы ғажап туындыны дүниеге әкелуі мүмкін. Әнші Динара Сұлтан ерекше образдағы фотосессиясымен жұртты сүйсіндірді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Төрт баланың анасы, халықтың сүйікті әншісі Динара Сұлтан демографияға үлес қосып қана қоймай, шоу-бизнестегі әріптестерінен қалыс қалмай, шығармашылығын да шыңдап келеді. Әнші жақында ерекше фотосессия ұйымдастырды.
Әнші өзінің инстаграмдағы парақшасында: «Әлемдік Vogue журналының мұқабасына кететін сурет деееп қойсам. Саңыраудың сандырағы келеді демекші, кім біледі шығып қалсақ», – деп қалжыңдады. Несі бар, қазақтың Һас сұлуы болашақта әлемдік деңгейдегі басылымнан көрініп жатса, ел болып қуанар едік!
Әнші бұл жолы өте ерекше образ таңдаған. Ұлттық нақыштағы элементтермен көмерілген қызыл көйлектің сәнін Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Динара аша түскендей. Мына суреттерді тамашалаған соң, менің ойыммен келісесіздер деп ойлаймын! Мархабат ендеше…
Жіберіп алмаңыз:
Динара Сұлтан “Маржан қыз” әнін гитарамен ерекше орындап шықты (видео)
Динара Сұлтан кезекті бейнебаянына сүйіктісін түсірді (видео)
Елге оралған Динара Сұлтан жаңа бейнебаян түсірді (видео)
Динара Сұлтан өзіне пластикалық ота жасатқан дегендерге жауап берді