Елге оралған Динара Сұлтан жаңа бейнебаян түсірді (видео)
Динара Сұлтан тұрмысқа шығып, отбасымен БАӘ-ге көшкен-ді. Әнші балаларының суретін әлеуметтік желіге жиі салса да, сүйіктісін көрсетуге асықпайды. Десе де, әнші туған қаласы Атырауды аралап жүргенін айтып, қуанышты хабарымен бөлісуге асықты. Мұнымен қатар, тыңдармандарына жаңа бейнебаян ұсынып, оны бағалауларын сұрады.

Фото: instagram.com/dinara_sultan1/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше күн бұрын Динара елге қайта оралды. Ол туған қаласы Атырауды балаларына көрсетіп жүр. Мұнымен қатар, әнші әріптестерімен жүздесіп үлгерген.
Динара шетелден құры қол келмей, тыңдармандарына сый ала келген екен. Ол шетелде жүріп “Арман жолында” атты әнге бейнебаян түсірген екен.
Көпшілік ән жақсы таңдалса да, бейнебаянның сапасы нашар екенін айтып жатыр. Десе де, тыңдармандары әншінің туған жеріне оралғанына қуанышты.
Жіберіп алмаңыз:
Динара Сұлтан өзіне пластикалық ота жасатқан дегендерге жауап берді
Динара Сұлтан сүйіктісінің “бір бөлігін” көрсетті
Динара Сұлтан жас аналарға бесіктің басқа түрін қолдануға кеңес берді
Динара Сұлтан үш қыздан кейін ұлды болды
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен