Динара Сәтжанның 3 жасар қызы сән сахнасын бағындырды (видео)
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның 3 жасар қызы алғаш рет сән сахнасына шықты. Кішкентай Диана дизайнер Аида Кауменованың Астанадағы сән үйінің ашылу салтанатында “модель” қызметін атқарды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Кауменованың қоныс тойына отандық шоу-бизнестегі ең танымал бикештер жиналды. Олардың көшін Аидамен бірнеше жылдан бері жұмыс істеп қана қоймай, оның жақын құрбыларына айналған Баян Есентаева мен Динара Сәтжан бастады. Майра Ілиясова, Айнұр Тұрсынбаева, Айгүл Иманбаева, Тамара Асар мен Қарақат Әбілдиналар да атақты дизайнерді қуанышымен құттықтап келді.
Кеш сәнді киімдерді ұнататын арулар үшін қызықты өтті. Анасы мен қызына арналған киімдер топтамасы көпшіліктің назарынан тыс қалмады. Бұл жерде Динара Сәтжанның қызы Диана жиылған көпшілікті жүріс-тұрысымен тәнті етті. Небәрі 3 жаста болса да, арулар Дианадан сұлу сәнбике шығатынын айтып жатыр.
Праздник красоты, стиля и любви “Мамыдочки” 😊
Публикация от Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)
Жіберіп алмаңыз:
“Ninety one” тобы: Қайрат пен Төреғалиді тыңдамаймыз, бірақ сыйлаймыз
Ерке Есмахан ұстазы Баян ұқсап кітап жазбақшы
Дана Нұржігіт екінші жолдасымен қалай танысқанын баяндап берді
«Жетер енді»: Роза Әлқожа әншіні көрсе қуанып, сыртынан жамандайтындарға назын айтты