AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Динара Сәтжан: Жаратушы бізді бұл өмірге арнайы жіберді

Белгілі тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан өмірдегі ұстанымдары жайлы айтты. Адам баласы жақсы болу үшін, өзін өзгерту керек дейді. Өзгерісті күтіп жүрмей, әрекет ету керек деген кеңесін жеткізді. 

Фото: Владислав Воднев

Динара Сәтжан әр адам баласы бұл өмірде елге пайдаланы нәрсе қалдыру керек деп санайды. Тіпті қолдан келмесе, жақсы адам болып жүрудің өзі ғибратты іс деген пікірін айтты. 

“Менің ойымша, Жаратушы Алла бізді бұл өмірге артымыздан із қалдыру үшін жіберді. Әрбіріміз осы өмірге бірнәрсе қалдыруымыз керек. Маңызды әрі пайдалы нәрсе. Ғалымдар секілді. Тіпті болмаса жақсы жүру керек. Мейірімді болу керек. Жомарт. Шыншыл. Ақылды болу керек. 

Әрбіріміз жағдайға қарай ыңғайлануымыз керек. Өзімізді дамытуымыз керек. Білімімізді дамытуымыз керек. Бір орында тұрып қалмауымыз керек. Егер жақсы жаққа өзгермесең, өмірдің тасасында қаласың. Ол әділетті де”, – деп жазды тележүргізуші.

Журналистің ойы ешкімнің өмірі біреуге қызық емес, сондықтан өзің қалағанды жасау керек. Өзгенің емес, өзің қалағандай өмір сүр дегенге саяды. 



“Әркім өз бақытының иесі. Бастысы жауапкершілік пен еңбексүйгіштік. Одан өзге де жақсы мінезің болса, жолың болды деген сөз. Мен өзіме мынадай ереже ұстанамын. Жан жаққа қарамау. Керек деген нәрсені жасау. Қоршаған орта қабылдаса қабылдайды, не өзгереді. Ол үшін дағдарысты күтудің керегі жоқ. Бәрі сіздің қолыңызда.

Егер жақсы болғың келсе, қазірден бастап жақсы болыңыз. Әдемі сымбатты ұнатасыз ба, ертеңнен бастап спортпен айналыс. Рухани бай болғың келсе, даналықты үйрен. Денің сау болғанын қаласаң, денсаулығыңды күт. Әлем бір орында тұрмайды. Жер әрдайым қозғалыста. Ал сен әлі де бір адамның келіп бәрін өзгерткенін күтіп жүрсің”, – деп жазды ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр