Қанат Айтбаев: Әншілеріміз әннің мәтінін жаттауды ұмытқан күнге жеттік
Қанат Айтбаев қазақстандық әншілердің фонограмма қолдануына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, оның ұтымды тұстары да бар екен.
Бұл туралы Астана арнасының «Сырласу» бағдарламасында айтылды.
«Бұл мәселенің екі жағы бар. Фонограммамен ән айтатын әншілер басқа кезде ән айта алмайды деген пікір қалыптасқан. Мұны түбегейлі дұрыс деп айта алмаймын. Өйткені, фонограмма дегеннің өзін кезінде ұсынған телеарналардың өзі. Ол нәрсе өзіміздің басымыздан өткен. Эфирге шығып ән айтқан кезде, алдымен, «Сіздің фонограммаңыз бар ма?» деп сұрайтын. Ол кезде қазақстандық әншілер өте мықты болып саналатын. Техникалық бағытта тірі дауысты өңдеу қиын. Екіншіден, фонограмманы жазып алып, емін-еркін кез келген ортада айта беру үрдіске айналып кетті. Әншілердің әннің мәтінін жаттауды ұмытып кететін жағдайға жетіп қалдық. Сол себепті, оның ара-жігін айқындай білу керек.
Өте үлкен көлемді шараларда немесе телевизиялық шараларда фонограмма көптеген елде қолданылады. Бірақ, оған 100℅ сеніп, көрерменді алдай беруге болмайды. Ал халықпен жүздескен кезде, адамның энергетикасын сезіну, сол жердегі адамның айтқысы келген ойын эмоционалдық көрінісін жеткізу үшін тірі дауыспен айтқан жөн. Фонограмманың «-1», «+1» деген екі ұғымы бар… Таза оркестрмен айту – екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Өйткені оркестр әр облыс орталығында біреу. Димаш 25 концертті тірі дауыспен өткізді. Ал сүйемелдеуін жазып алды. Себебі, оркестрді үнемі ертіп жүру оңай емес. Димаштың әндерін радиоға беру үшін, халыққа интернет арқылы көбірек насихаттау үшін фонограммалар жазылуы керек. Болашақта міндетті түрде интернет, таспа түрінде тарату үшін жазамыз», – дейді Қанат Айтбаев.
Светлана Айтбаева да фонограмманың қай кезде қажет екенін айтып берді. Бір кездері ұлының фонограммасы болмай қатты өкінген екен.
«Байқау барысында Димаш пен Қанат Қытайда болды. Мен елде қалдым. Барлық телеарна мен радио бізге үлкен қолдау көрсетті. Қазақ радиосы маған қайта-қайта хабарласты. Арасында өзім тікелей эфирге шығып тұрдым. Тіпті, бір күн бойы Димаштың әндерін қою туралы ұсыныспен хабарласты. Сол кезде біздің беретін Димаштың фонограммалары болмады. Архивінде 2-3 әні ғана бар екен. «Димаш Қазақстанның қалаларын аралап жеке концертін берді. Қалайша оның фонограммалары жоқ?» деп таңқалды. Сол жерде Димаштың барлық жерде өзінің «-1» фонограммасын пайдаланды», – дейді Светлана ханым.
Жіберіп алмаңыз:
Есентаева өзіне майонез жарнамалауды ұсынғандар туралы айтып күлді
Баян Есентаева 31 жасында ашқан алғашқы бизнесі туралы айтты