Димаш пен Тасмағамбетов коронавирус жұқтырған әншімен бір кеште болған

Әлеуметтік желілерде Қазақстанның РФ-дағы бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов, әнші Димаш Құдайберген және коронавирус жұқтырған Лев Лещенконың бір кеште болғанын дәлелдейтін видеолар тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, олардың барлығы ресейлік композитор Игорь Крутойдың әпкесінің мерейтойына арналған кеште бас қосқан. Әлеуметтік желілерде тараған видеода кештен фрагменттер көрсетілген.

Өзінің сұхбатында композитор Игорь Крутой әпкесінің алпыс жас туған күніне бес миллион рубльден астам қаражат жұмсағанын айтты.

Кейіннен ресейлік жүргізуші Ксения Собчак жақында ғана коронавирус инфекциясы анықталған Лев Лещенконың аталған кеште болғанын мәлімдеді.

"Барлығы Лещенкодан Крутойдың әпкесінің туған күнінде жұқтырды", - деп жазды Собчак өзінің Telegram арнасында. 

Оның пікірінше, іс-шараға келгендердің барлығы өз денсаулығы мен жағдайына сақ болу керек.

Айта кетейік, кеш қонақтарының арасында ресейлік шоу-бизнестің өкілдері көп.

Бұл кешке композитор Игорь Николаев та қатысқан деген болжам бар. Ол 26наурызда коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жатқызылған.

Сондай-ақ, Алла Крутойдың мерейтойында әншілер Олег Газманов, Валерий Леонтьев, Александр Розенбаум, әншілер Ани Лорак пен Алсу, Николай Басков, Александр Серов та болған.

Mash Telegram-арнасының мәліметінше, Лев Лещенко бұрынғысынша Коммунарканың жан сақтау бөлімінде жатыр, бірақ өзін әлдеқайда жақсы сезінеді. Бір-екі күнде әдеттегі палатаға ауыстырылады. Онда Лещенко әйелімен емін жалғастырады.

Еске сала кетейік, Лещенко өкпенің қабынуы диагнозымен қабылданды, кейіннен жағдайы одан әрі нашарлаған, өкпенің ісінуі дамыды. Әнші ауыр жағдайда реанимацияға ауыстырылды, одан коронавирус анықталды. Дереккөз мәліметтері бойынша, вирус Лещенкода екі жақты пневмонияны тудырған.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр