Димаш пен оның досы жұртты Бағым Мұхитденованы қараламауға шақырды
Димаш пен оның қасында жүрген жан досы жұртты Бағым Мұхитденованы сынамауға шақырды. Керісінше оның өзі ісінің шебері екенін тілге тиек етті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Бірнеше жыл бұрын отандық арналардың бірінде “Саз әлемі” атты бағдарлама көрсетілді. Аталған бағдарламаны Баян Есентаева мен Қанат Әлжаппаров жүргізді. Бұдан бөлек 8 әділ қазы алқасы болды. Олардың төртеуі қатысушының музыкалық кәсібилігіне мән берсе, қалған төртеуі сырт келбетіне қатысты сын айтты. Димаш осы бағдарламада “Көркемім” атты әнді орындаған болатын. Ән аяқтала салысымен әділ қазы алқалары оны сынауға кіріседі. Сынаушылардың арасында Бағым Мұхитденова да болған еді. Жуырда ол осы байқауда Димашты әділ сынағанын тілге тиек етті. Желі қолданушылары өз кезектерінде оған бағыттап түрлі жағымсыз пікір жазуын тоқтатпады. Алайда Димаш пен оның жан досы пікір-таластың бұлай жалғаса беруін қаламайтындықтарын жеткізді.
“Өнер – сын айтудан, пікір білдіріп шыңдаудан, бағыт-бағдар беруден тұрады! Әр адам өз пікірін, ойын, көзқарасын білдіруге құқылы! Құрметті Димаштың жанкүйерлері! Өткен іске сыншы көп! Өткен бағдарламалардағы айтқан сындарды қазбалап, пікір білдірген жандарды қараламауларыңызды сұраймыз! Бағым Мақсатқы – өте жақсы музыкант, өз ісінің мықты маманы. Оның кәсібилігін мен де, Димаш та мойындаймыз! Сондықтан, біз құрмет тұтатын жанға сіздер де құрметпен қарап, жаман сөздерді жазбауларыңызды сұраймыз! Бір-бірімізге тек жақсылық тілеп, жақсы ойда, жақсы пікірде болайықшы!” – дейді Алпамыс Шәрімов.
Жіберіп алмаңыз:
Үшінші орын алған Димаш Құдайбергенов жалпы есепте бірінші орында келеді
Мақпал Жүнісованың қар күреген видеосы желіде “хитке” айналды (видео)
Сәкен Майғазиев: Тұқымын бұзғысы келген қыздар қазаққа жақсылық әкелмейді
Қытайлық жанкүйерлер Димашқа қазақ тілінде романтикалық хаттар жаза бастады