Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш пандалармен кездескен әлемдегі бірінші елші атанды (фото, видео)

Димаш Құдайбергенов пандалардың отаны санаталын Қытайдың Чанша қаласында болып қайтты. Онда Димаш пен оның ресми өкілі Алпамыс пандаларды қызықтап, оларды тамақтандырды. Ал ең бастысы, Димаш әлем бойынша тұңғыш рет “I’m in China” жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми бірінші елші атанды.

Димаш елші-200217

Бұл туралы Димаштың өзі жария етті, деп хабарлайды Stan.kz.

“Әлемдік жануарларды қорғау ұйымының логотипінен панданың суретін көргенде “не себепті дәл осы жануар қызыл кітапқа еңіп жатқан мыңдаған тіршілік иесінен бірінші орында, үлкен назарға ие” деп ойлайтын боларсыздар?! Бұл жануар әлем бойынша 2000-ға жуық қана саны қалыпты. Өмір сүрулері ерекше! Мінездері адамға ұқсас. Ренжіп қалады, еркелейді! Мен кеше олармен кездестім. Қытайдың Сычуан өлкесі жер жүзіндегі барлық панданың Отаны! Чанду (авт. Чанша) қаласына арнайы ұшып барып, осынау сүйкімді жануарлармен жақынарақ таныстым. Әлем бойынша тұңғыш рет “I’m in China” жобасы аясында пандалармен жүздескен ресми 1-ші елші атандым! Ақыл-санасы жетік әр адам баласы Алланың жаратқан әр тіршілік иесіне мейіріммен қарауы тиіс!” – деп жазады Димаш.

Димаштың PR-менеджері Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, жер бетінде аз қалған жануардың әрбірінің өз аты-жөні бар. Әрқайсысының тағдыры мемлекет бақылауында. Қытайда панданы өлтіргені үшін адамдарды өлім жазасына кесетін заң да бар екен.

Димаш панда-200217

2008 жылғы Қытайдағы жерсілкінісі туралы естіген боларсыздар. Жүз мыңдаған адамдар қайтыс болып, миллиондар ес-түссіз жоғалды. Бұл оқиға дәл осы Сычуен өңірінде болған болатын. Ал біз бүгін осы өңірдің орталығы Чанду қаласына келдік. Бүгінгі тұрмыстары, тіршілігі жақсы. Көңіл-күйлері жарқын жергілікті тұрғындар бізді өте жақсы қарсы алды. Бұл өңір сонымен қатар Пандаларымен де танымал. Әлем бойынша Пандалардың Отаны да осы өңір болып табылады. Жер жүзі бойынша аз қалған жануарлардың әр біреуінің өз аты-жөні бар. Әр біреуінің тағдыры мемлекет бақылауында. Қытайда панданы өлтіргені үшін адамдарды өлім жазасына кесетін заң бар! Бұл жануарлар өте киелі, сүйкімді, ерекше! Бұрын пандалар туралы көп оқитынмын. Міне, оларды өз көзімізбен көріп, тамақтандырып, тұрмысымен таныстық! Ал досым @kudaibergenov.dimash әлем бойынша ресми түрде бірінші Ambassador атанды! Бұл Қытай мемлекетінің өнер адамына көрсеткен құрметі деп білеміз! “Мысық-аюлар”-мен қимастықпен қоштасып, келесі кездескенше дедік! 🐼🐼🐼 P.S. @kanat_sveta_aitbaevtar маған АлпаПанда дейді!!! Ұқсаймын ба Пандаға?! 🙄🐼🙄 #DQ #DQLEGENT #TheSingerDimash #АлпаПанда

Публикация от Alpamys Sharimov (@asharimov)

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың бала кезінде берген сұхбаты елді сүйсінтті (видео)

Димаш Құдайбергенді жүздеген қытайлық жанкүйер әуежайдан күтіп алды (видео)

Димаш бесінші кезеңде орындаған әннің видеосы пайда болды (видео)

Қытай қыздары Димашқа “күн көрсетпей” жүр (фото, видео)

Талқылау