Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Нью-Йоркте қашан концерт беретіні белгілі болды

Димаш Құдайберген биыл да шетелде концерт береді. Оның ән кеші күз айында Нью-Йорк қаласындағы әйгілі "Мэдисон-сквер-гарден" алаңында өтеді. 

Димаш Құдайберген

Бұл туралы Stan.kz "Гәкку" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазіргі уақытта аталған шараға дайындық басталып кеткен. 

Естеріңізде болса, былтыр Құдайбергенов Лондон қаласында жеке ән кешін берді. Сондай-ақ, Наурыз мерекесі қарсаңында Димаш Ресейдің Кремль сарайында әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдармандарының басын қосты. Әншінің Қазақстандағы концерті 29 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

 

STAN.KZ
Сенбі, 13 Сәуір, 2019 07:22
Талқылау