Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Костенко шахтасында көз жұмған кеншілердің отбасыларына 20 миллион теңге аударды

Димаш Құдайберген Қарағанды облысындағы шахтада көз жұмған шахтерлердің отбасыларына 20 миллион теңге аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Димаш

Журналист Бауыржан Бабажанұлының сөзінше, әнші 20 отбасыға 1 миллион теңгеден бөлген. 

“Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың қайғысы әлі ұмытылған жоқ. Мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де олардың отбасына қолұшын созып жатыр. Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де бұл сауапты істен сырт қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға кеше 1 миллион теңгеден аударды. Осы хабарды кездейсоқ естіп қалып, Қанатқа хабарласып ем, растады”, – деп жазды журналист Instagram-парақшасында. 

Журнастің айтуынша, Димаштың отбасы бұл туралы жария етуді қаламаған. 



“Жалпы Айтбаевтар отбасы бергенін жариялай бермейді. Димаш атқа мінгелі ғана емес, бұрыннан солай.
Бірақ мына хабарды ел білуі керек қой. Димаштың бұл ісін басқа да өнер иелері жалғастырып әкетсе, кәнеки!
Осы мақсатпен жариялап отырмын”, – деп қосты ол. 

Еске салайық, Костенко шахтасындағы апат кезінде 46 кенші опат болған еді. Қайғылы жағдай болған шахта “АрселорМиттал Теміртау” компаниясына тиесілі. 

Талқылау