Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасы мен күйеубаласының құдалығына қатысты

димаш қарындасы Фото: https://www.instagram.com/dimash_fcbrasil/

ҚР Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шаңырағында құдалық той өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айтбаевтар әулеті шымкенттік құдаларына қарсы алды. Тойда Димаштың әжесі ақжарма тілегін жеткізді. 

“Менің кішкентай құлыншагым, кезінде алақаныма салып өсірген немерем, енді бойжетіп, 24 жасқа келді. Бүгін ол өзінің сүйіктісін тауып, жаңа отбасын құрып, өз ошағын жақты. Ермахан екеуі бақытты өмірге алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Бақытты болсын, барлық арман-тілектері орындалсын", – деді ол.



Айта кетейік, сәуір айында “Сырғалым” атанған еді. 

Тележүргізуші Анна Данченко жағымды жаңалықты жариялады. 

"Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы Раушан “сырғалым” атанды. Құтты болсын!", – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 01 Тамыз, 2025 11:51
Талқылау
`