Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильміне ән шырқады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің басты әнін шырқады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Таяуда  Джеки Чанның "Авангард" атты жаңа фильмі шығады, онда мен фильмнің басты әнін шырқадым. 30 қыркүйектен бастап кинотеатрлардан көріңіздер", - деп жазды Instagram-да Димаш.

"Авангард: Арктикалық қасқырлар" фильмінің премьерасы 30 қыркүйекте Қытай, Сингапур және Малайзияда өтеді. Ресейде фильм 15 қазанда көрсетіледі.

Басты рөлдерді Джеки Чанның өзі, актерлер Ян Ян, Ай Лун, Мия Муци, Чжу Чжэнтин, Ван Чжэнвэй, Саид Бадрия, Мир Сарвар, Джан Айдин және Кайл Пол ойнады. Картинаның режиссері Стэнли Тун болды.

Фильм "Авангард" командасы туралы баяндайды. Ұлыбританиядағы картинаның сюжеті бойынша "Арктикалық қасқырлар" жалдамалы тобы қытайлық кәсіпкер мен оның қызын ұрлап әкетеді.  Кепілге алынған адамдарды құтқарудың жалғыз үміті - "Авангард" халықаралық қауіпсіздік қызметі.  Ол ғылым мен техниканың барлық жаңа қаруларымен қаруланған және олар басқалардың қолынан келмейтін міндеттерді орындайды.

Талқылау