Димаш Құдайберген АҚШ президентін ұлықтау апталығының ашылуына қатысады
Тұңғыш рет Америка Құрама Штаттарының президентін ұлықтау рәсіміне арналған іс-шараға қазақстандық әртіс қатысады. Мұндай мәртебеге әлемге танымал Димаш Құдайберген ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әншінің ресми сайтының хабарлауынша, бұл іс-шараны бауырлас қалалар ассоциациясы – "Sister Cities International" ұйымы өткізеді. АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Джозеф Байден бұл ұйымның құрметті тең төрағасы болды. Сонымен қатар бұл іс-шараға дипломатиялық корпуста қатысады.
Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты мереке 2021 жылдың 17 қаңтарында сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 6:00-ден 8:00-ге дейін) онлайн түрде өтеді.
Айта кетейік, "Sister Cities International" іс-шарасынан бір күн бұрын, 16 қаңтарда қазақстандық орындаушының "DIMASH DIGITAL SHOW" атты алғашқы онлайн-концерті өткізіледі.
Вашингтонда орналасқан "Sister Cities International" халықаралық үкіметтік емес ұйымының негізін 1953 жылы АҚШ-тың 34-президенті Дуайт Эйзенхауэр қалаған.
Сол кезден бері АҚШ президенттері Джон Ф. Кеннеди, үлкен Джордж Буш, Билл Клинтон, Барак Обама және Дональд Трамп бұл ұйымның құрметті тең төрағалары болды. 70-жылға жуық тарихында "Sister Cities International" АҚШ қалалары және оның 130-дан аса мемлекеттердегі бауырлас қалаларының өзара әрекеттесуіне байланысты көптеген іс-шараларды өткізді.
Осы жылы "Sister Cities International" сегіз мәрте "Грэмми" жүлдегері – аңызға айналған әнші Дайон Уорвикке ұзақ жылдар еткен еңбегі үшін марапат ұсынады. Сонымен қатар, Дайон Уорвиктің әлемге «The Weeknd» ретінде белгілі үш мәрте "Грэмми" жүлдегері Абель Тесфаймен бірлесіп жұмыс жасай бастағаны белгілі болды.
"Sister Cities International" ұйымының негізі қаланғалы және АҚШ пен Қазақстанның қарым-қатынасы тарихында алғаш рет жаңа сайланған АҚШ президентінің инаугурациясын тойлау апталығын ашушы іс-шараға қазақстандық әнші – Димаш Құдайберген қатысады.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
