Димаш Құдайберген "2021 жылдың ең сұлу адамы" атағын алуы мүмкін
Димаш Құдайбергенді "2021 жылдың ең сұлу адамы" деп танылуы мүмкін. Ол TC Candler ұсынған 2021 жылдың ең әдемі 100 үміткері тізіміне енді.

Димаш Құдайбергеннің 2021 жылдың ең әдемі 100 тұлғасы тізіміне ұсынылғаны TC Candler журналының бетіндегі ақпараттан белгілі болды.
Қазақстандық әнші әлемдегі ең тартымды 100 азаматтың бірі деп танылуы мүмкін, тіпті бұл тізімде де бірінші орынға шығуы ықтимал. Димаштың суреті басқа үміткерлермен бірге посттардың бірінде жарияланған.
Осы мырзалардың барлығын "2021 бет-бейнесі" номинациясына ұсынылуларымен құттықтаймын", - делінген TC Candler жазбасында.
Жанкүйерлер де сүйікті әншіні қолдап, пікір қалдыруға шақырды. Раушан Құдайберген өз парақшасында ағасын қолдады.
Еске сала кетейік, Димаш Құдайбергеннің Азиядағы ең сымбатты ер адам деп танылғанын осыған дейін жазған болатынбыз. 2018 жылы Димаш әлемдегі ең әдемі жүз адамның қатарына енді.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді