Димаш Құдайбергеновке қазақ шенділері көмегін аямауда
Димаш Құдайберген әлемдегі санаулы таланттардың бірі. Ал сол ұлтымыздың мақтанышына айналған қазақ баласына қазақ шенділері көмек бермеді деу ағаттық.
Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.
Үкіметте Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары дарынды балаға бар жағынан қолдау көрсетіп жатқандықтарын айтты. Қытайдағы әлемге аты мәшһүр «I am singer» байқауына қатыспай тұрыпта жас дарынға құрмет ерекше болған. Мемлекеттік маңыздағы бірде бір концерт дарабоз ұлсыз өтпеген. Димаш қазір Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курсында оқиды. Осы білім ордасы атынан жақында «Канн» фестиваліне қатысып, концерт береді деп жоспарланған. Тағы бір үлкен мақсат, Димаштың «Евровидениеге» қатысуы үшін Мәдениет және спорт министрлігі арнайы жұмыс жүргізуде. Қытайдағы сайысын аяқтағаннан кейін де жерлесімізді әлі үлкен жобалар күтіп тұр.
«Димаш табиғатынан таланты бөлек ерекше тұлға және дәл осы шағында биік асуларды бағындыратын мезгілі. Біздің классикалық музыка саласында Димаштың дауысындай дауыс жоқ. Әлем бойынша алсақ, тіптен саусақпен санарлық. Витастың алған нотасын біздің бала бес есе жоғары алады. Бұл дегеніңіз таңғажайып құбылыс»,- деді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова.
Айта кетейік, Димаш Құдайбергенов Қытайда өтіп жатқан I am a Singer байқауына қатысуда. Ол сайыстың алғашқы турында танымал француз әнімен жеңіс тұғырынан көрінді. Байқаудың екінші кезеңі 28 қаңтар күні мәресіне жеткен еді. Аталған кезеңде отандасымыз Витастың әнін орындап, 1 орынды қанжығасына байлады. Ал үшінші кезеңде Димаш үшінші орынды еншіледі. Десе де қазақ әншісі жалпы есепте қарсыластарын баса озып, көш бастап тұр. Ал төртінші кезеңде Димашқытай тіліндегі әнді акцентсіз орындап, Қытай халқын тағы да аузына қаратты.
Жіберіп алмаңыз:
Димаш Қытайда журналистерге арнап “Дударай” әнін шырқап берді (видео)