Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз өмірге адам болу үшін келдік: Димаш ең басты құндылық жайлы айтты

Димаш Құдайберген қырғызстандық BBC арнасына сұхбат беріп, Қытайдағы жоба туралы, Лондонда өткен алғашқы концертінен алған әсері жайлы айтып берді. Димаштың айтуынша, аспан асты еліндегі Singer жобасының ұйымдастырушылары оған “тәжірибе” есебінде қараған, деп жазады Stan.kz.

Димаш Құдайберген

“Бұл көпшілік ойлағандай, The Voice, X-factor сияқты жоба емес. Бұл – 14 кезеңнен тұратын Қытай мемлекетіндегі 35-40 жылдан бері сахнада жүрген үлкен жұлдыздардың және де Қытайда жастар арасында өте танымал болып келе жатқан жұлдыздардың байқауы. Мені тәжірибе есебінде көріп қалып, шақыра қалған. Басында сол Қытайдың ішінде мен ғана емес танымал емес болдым. Қай елден келді, кім келді дегендей. Бұрын қатысқан байқауларым осы жобаға жол ашты. Осы жоба бүгінгі менің концерттеріме жол ашты. Бәрі өз сәтімен, Жаратушының қалауымен, ретімен келе жатыр. Оған тілеулес болып отырған ағайын бар, ұстаздарым, әке-шешем бар. Осының бәрін жинақтағанда бәрі ойдағыдай болып жатыр”, – дейді Димаш ағынан жарылып.

Димаш I am a Singer жобасында өзін біраз мемлекеттерге таныстырған әндерді орындағанын, бәрінің көңілінен шығуға тырысқанын айтады.

Сондай-ақ, Димаш Еуропа төрінде өткен алғашқы ән кеші жайлы айта кетті. Ол британдықтардың өзін жылы қабылдағанын қуана айтты. Әйткенмен, Лондонда Азиядағыдай үлкен стадион жинай алмайтынын атап өтті.

“Залда орын болмағандығы және көрермендердің ыстық ықыласпен, үлкен жүрегімен, кей пейілмен қабылдағаны мені қатты қуантты. Бұл – менің жеке өмірбаянымда жазылып қалатын Еуропадағы ең алғашқы жеке концертім.

Азиядағыдай стадион жинай алмаймын, әрине. Бірақ үш мың адам жиналды, бұл бірінші концертім. Соның өзінде бір күнге жетер жетпес уақытта билеттер сатылып кетіп, мені қуантып қойды”, – дейді Димаш.

“Танымалдылықтың жүгін қалай көтересің?” деген сауалға Димаш Омар Хайямның сөзімен жауап берді.

“Не завидуйте тем, кто удачлив и богат, Ведь за рассветом всегда наступает закат” дейді. Осы жерде мынадай ой туындайды. Әрбір нәрсе жақсы болсын, жаман болсын, ол өмірдегі бір сәт. Адамның рухани құндылығы оның кәсіби біліктілігінен маңызды деп білемін. Өйткені біз бәріміз бұл өмірге ең алдымен, адам болу үшін келдік. Әнші болу үшін, мұғалім болу үшін емес. Ең алдымен, адами қасиеттерді, рухани құндылықтарды байыппен сақтап қалу керек”, – дейді Димаш.

Айта кетейік, бұған дейін Димаштың есімі “әлемнің ең үздік 100 әншісі” тізіміне кірді. Бұл тізімде екінші орынға дейін көтерілген Димаш аяқ астынан 369-шы орынға түсіп қалды. Бұған дейін фанаттардың дауыс беру нәтижесіне күмәнмен қарап отырғанын жазған едік.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр