AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дильназ Ахмадиева: Маған ақшасы, қымбат көлігі бар, бірақ басында миы жоқ бай күйеудің не керегі бар?

Дильназ Ахмадиева жолдасына қатысты өзіне сын айтқандарға жауап берді. Әнші ер азаматтың бойынан көргісі келетін қасиеттерді атап берді. 

Дильназ Ахмадиева ең алдымен ер азаматтың әзілді түсінуі маңызды деп санайды. Байлық бірінші орында емес, бастысы – ер азаматтың азаматтық қасиеті болуы міндетті. 

“Маған көп адам айтады. “Неге бай жігіт тауып алмайсың? Ешнәрсесі жоқ жігітті не істейсің?” дейді. Мен ол бай жігітті не істеймін? Қымбат көлік алып берер, бірақ бір жыл үйде болмаса, оны не істеймін? Мүмкін көлігін әкесі алып берген шығар. Мүмкін оның көлігінен басқа, байлығынан басқа ешнәрсесі жоқ шығар. Намысы жоқ шығар, басында миы жоқ шығар. Мен оны не істеймін? Байлықты жиып-теріп сондай адаммен бірге тұрған бақыт па? Мен адамдарды түсінбеймін. Маған ең алдымен ер азаматтың азаматтық қасиеті болу керек. Сосын ол әзіл айта білуі, әзілді түсінуі керек. Олай болмаса, ол менің адамым емес”, – деді әнші. 



Ахмадиева адам баласы өз жүрегінің қалауына ерік беру керек дегенді айтты. Ешбір психолог, дос-құрбының айтқанымен емес, өз қалауыңмен өмір сүргенді жөн санайды. 

“Небір психологтер бар, олар да әртүрлі. Ойыңды шатастырады, адамдар да, достарың да түрлі пікір айтады. Бастысы өзіңнің қалауыңды біл. Өзіңді тыңда”, – деді ол. 

Дильназ Ахмадиева бүгінді аяулы жар, ардақты ана. 39 жасында ана атанған әнші бұл бақытты 20 жыл күткенін айтып жар салды. 

Әнші бір сұхбатында екінші күйеуіне өзі сөз салғанын айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр